Джеки Чан 7 сәуірде 60 жасқа толды. Актер, каскадер, режиссер, продюсер ретінде көпшілікке танылған Д. Чанға осы күні құттықтаулар өте көп болды. Мерейтойға орай «Lamborghini» ұжымы актерге ерекше құттықтау жолдады.
Суперкарлардың итальяндық өндірушісі оған «Aventador» арнайы нұсқасын арнады. Автокөлікке «Aventador Jackie Chan Edition» деген атау берілген.
Көлік салонындағы жабдықтарға иероглифтермен Джеки Чан киноға түсіп жүрген лақап аты жазылған, яғни Long (қытай тілінен аударғанда - айдаһар) есімі суперкардың есіктері мен орындықтарына өрнекті тігіспен жатқызылған.
Бұл автокөлік бәссаудада сатылады деп күтілуде. Одан түскен қаржы Джеки Чанның қайырымдылық қорына бағытталады. Танымал актердің аты берілген спорткар «кәдімгі» Aventador-ға қарағанда қымбатқа саудаланады деп күтілуде.
01:08, 14 Сәуір 2014
Ламборджини Авентадор эксклюзивті көлігі Джеки Чанға арналды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эксклюзивті автокөлік Бейжің автосалонында таныстырылады.