Жаңа технология Нью-Йорктегі моторшоу кезінде таныстырылуы мүмкін және жаңадан шығарылатын Discovery көліктерінде іске қосылады деп күтілуде. Jaguar Land Rover компаниясы капот астындағы кеңістікті проекциялау технологиясын маңдай терезеге шығарды. «Мөлдір капот» деген атауға ие болған бұл жаңашылдық қозғалыс кезінде жолтабандағы көріністі дәлме-дәл режімде көрсетіп, ойлы-қырлы, таулы жерлерде автокөліктің бұлтарыстарын жеңілдетпек. Сонымен бірге проекциялық экранға көліктің жылдамдығы, дөңгелектердің жағдайы және басқа да пайдалы мәліметтер бейнеленеді. Осындай соңғы буынды технологиялар қай уақыттан бастап сериялық машиналарда жабдықталатыны жайында өндіруші әзірге хабарламай отыр. Маңдай терезеге бекітілетін поекциялық дисплей Mazda 3, Peugeot 3008 кроссоверінде, Peugeot 508 седанында, BMW-ның кейбір модельдерінде пайдаланылуда.
04:35, 14 Сәуір 2014
Land Rover капоттың астындағы жолды көрсететін технологияны құрды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Jaguar Land Rover көлігінде бейне камералар мен проекциялық дисплейдің арқасында жүргізушілер капоттың астындағы жолды анық көре алатын болы.