Лаңкесті Норвегияның Ила түрмесінде ұстайтын болды. Бұл жерде ол тергеу басталғалы бері отыр. Ал қамау мерзімі аяқталғаннан кейін А.Брейвик әлі де қоғам үшін қауіпті деп танылса, сот түрме уақытын тағы да ұзартуы мүмкін.
2011 жылы шілденің 22-сі күні А.Брейвик, ең бірінші Осло қаласының орталығында жарылыс ұйымдастырды. Соның саларынан 8 адам қаза тапты. Осыдан кейін Утейя аралында орналасқан Норвегияның жұмыс партиясының жастар лагеріне барып, 69 адамға оқ атып, бәрін жайратып тастады.