Содырлардың әйелдер мен балаларды тірідей көмгені жайлы айғақ табылған. Ирактың билік өкілдері құрбандардың көмілген жерін анықтады. Алайда осыншама адамның қай кезде қаза болғаны айтылмай отыр.
Айта кетейік, Иракта маусым айының басында Сирияда әрекет етіп келген лаңкестер «Ислам мемлекеті» ұйымын құрғаны белгілі. Содырлар елдің батыс және солтүстік аумағын басып алды, оларға жергілікті шағын топтар қосылған. Кейін лаңкестер күшейіп, өз бақылауларындағы аумақтарды «Ислам халифаты» деп жариялады.