«Францияда болған қарулы шабуыл Еуропада жаһандық лаңкестік соғыстың өршуіне себеп болуы мүмкін. Бұл туралы 11 қаңтар күні америкалық арнайы барлау қызмет ақпаратына сілтеме жасап, немістің Bild am Sonntag газеті жазды», дейді дереккөз.
Басылым деректеріне сүйенсек, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі Париждегі лаңкестіктен кейін «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы жетекшілерінің телефондарын, келіссөздерін тыңдаған. Жихадшылар келіссөзде Еуропаның ірі қалаларында террорлық акті бастайтыны жайлы айтқан.
«Bild am Sonntag» басылымының жазуынша, АҚШ барлаушылары ислам атын жамылған топтың сөздеріне тың-тыңдау барысында келесі террорлық акті Рим қаласында ұйымдастырылмақ екенін білген.