Associated Press агенттігі елдің билік органдарына сілтеме жасап, келтіріп отырған мәліметтеріне сүйенсек, британдық елшілік жанында болған жарылыс кезінде үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Оқиғаның жәй-жапсары әлі хабарланған жоқ . Қазіргі күні тек жарылыстың елшілік қызметкерлері мінген автоколонна өтіп бара жатқанда орын алғаны ғана белгілі.
Алдын ала мәлімет бойынша, дипломаттардың ешбірі зардап шеккен жоқ.
Ұлыбритания СІМ хабарлағандай, лаңкестер елшілік ғимаратының жанында жарылғыш зат қойылған көлікті жарып жіберді. Бірақ британдық арнайы қызметтер шабуылдың болатынынан хабардар болып, Йемен билік органдарын хабарлап, қауіпсіздік шараларын қолға алған болатын.
Еске сала кетейік, 2008 жылғы қыркүйек айындағы лаңкестердің Санадағы АҚШ елшілігіне шабуылы кезінде 16 адам қаза тапқан еді.