«Жыл сайын интернет арқылы лаңкестік сипаттағы 100 мыңдаған материалдар тарайды. Соның ішінде Қазақстанға бағытталатын бөлігі де орасан зор. Радикалды топтардың қатарында интернетпен жұмыс істейтін толыққанды ақпараттық қызметтер бар. Сарапшылардың баға беруінше, лаңкестердің қатарына қосылған жастардың 80 пайызы интернет арқылы тартылған. Олар лаңкестердің тұзағына түсіп, террористік топтарға ант береді. Сондықтан Қазақстан ақпараттық кеңістікте осындай контенттің таралуын болдырмау бойынша жұмыстар атқаруда. Он мыңдаған видео, аудио материалдар мен сайттар жабылады», - деді прокурор.
Сонымен қатар, оның айтуынша, ресейлік және батыстың бірқатар әлеуметтік желілерімен тығыз байланыс орнатылған. Бұл өз кезегінде әлеуметтік желі арқылы тарайтын радикалды сипаттағы материалдарды жоюға мүмкіндік туғызды.
Айта кетейік, аталмыш семинарға ТМД елдері, Нидерланды, АҚШ, Израиль, Адам құқықтары бойынша Еуропалық сотының сарапшылары, БҰҰ есірткіге қарсы күрес басқармасы өкілдері қатысуда.