«Өлім жазасына мораторий жарияланғаны белгілі. Қазіргі кезде осы мәселе қоғамда қозғалып жатыр және бұл бағытта қатаң жазаны енгізуді депутаттар шеше алады. Ал біздің пікірімізге тоқталатын болсақ, лаңкестік актілер жасалған қылмыстарға өлім жазасын енгізгенді дұрыс деп есептейміз. Себебі, қазіргі заманның талабы осыған әкеліп отыр», - деді А. Кенжеғарин.
Өз кезегінде Астана қалалық сотының судьясы Сайран Әлімбаева соңғы бір аптада аталған мәселе қызу талқыланып жатқанын атап өтті.
«Менің ойымша, істердің кейбір санаттары бойынша өлім жазасын енгізу қажеттігі бар. Нақтылап айтқанда, лаңкестікке қатысты осы жазаны енгізу керек. Алайда, бұл мәселені тиісті талқылаулардан кейін заңнамалық органдар шешеді», - деді судья.