Ұлттық музейде Лаос Президентіне Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы, бірегей археологиялық жәдігерлер мен ежелгі зергерлік бұйымдар таныстырылды.
Экспозициялар түркі халықтарының материалдық және рухани мәдениетін, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін қамтиды. Музейдің құнды жәдігерлері қатарында Есік қорғанынан табылған Алтын адам, сондай-ақ Берел, Талды-2, Тақсай және Шілікті көне қорымдарынан табылған археологиялық мұралар бар.
Экскурсия соңында Тхонглун Сисулит Ұлттық музейдің Қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Айта кетейік, бір күн бұрын екі мемлекет басшысының қатысуымен өткен келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға айрықша мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тхонглун Сисулит осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту және туризм бағытындағы байланысты дамыту мәселелерін талқылады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос басшылығының елімізге алғашқы сапарын маңызды қадам ретінде бағалады.