Лара Фабиан Димаштың туған күніне арнап ән шырқады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге әлеуметтік желілер арқылы әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар жолданып жатыр. Бұған дейін бүгін Димаштың 23 жасқа толғанын хабарлаған болатынбыз.

Videogram_kaz атты инстаграм-канал америкалық әртіс әрі модель Ева Лонгория мен әйгілі әнші Лара Фабианның құттықтауын жариялады. Лара Фабиан құттықтауын «Happy birthday to you» әнімен жеткізген.