Лара Головкинмен айқас үшін миллион доллардан астам алғысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем боксы жайлы материалдар мен жаңалықтар жариялайтын твиттер Fight Critic Геннадий Головкиннің Келл Брукпен айқасы жайлы жазды, деп хабарлайды Sports.kz.

 Бұрын бәрі Головкин-Лара жекпе-жегі болады дегенге тірелетін, бірақ қазір кубалық миллион доллардан артық алғысы келеді. Не дейміз, Сәттілік тілейміз! Давид Лемьенің гонорары 1,5 миллионды құрады, бірақ оған сонда баруы үшін 97 мың PPV қажет болды.  Келл Брук Головкиннің кез келген қарсыласынан артық ақша алды. Бірақ бұл  промоутерінің Ұлыбританияда бокс кешін ұйымдастыруының арқасында мүмкін болды»,-деп жазады твиттер Fight Critic.

Головкин- Брук айқасы 10 қыркүйекте Лондонда өтеді.