Лас суды рұқсат етілмеген жерге төккен елордалыққа айыппұл салынды
«Алматы ауданының полиция басқармасының табиғат қорғаушы қызметкерлері 34 жастағы ассенизаторлы вакуумды автокөліктің жүргізушісін ұстады. Ол кір суды А.Байтұрсынұлы көшесіндегі жауын-шашынға арналған кәріз жүйесіне төгіп кеткен. Жүргізушіге қатысы ҚР ӘҚБжК-тің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 30 АЕК (83 340 теңге) көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.
Жыл басынан бері кір суды белгіленбеген орынға төккені үшін 64 жүргізушіге жазаланып, оларға жалпы жиыны 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.
Қалалық полиция департаменті шаруашылыққа пайдаланылған суды төгуге арналған ресми 4 орын барын еске салады. Олар:
«Алматы» ауданы – Қошқарбаев көшесі, № 72 үйдің маңында;
«Сарыарқа» ауданы – «Көктал-1» кенті, «Тұлпар» атшабарының маңы;
«Есіл» ауданы – Қорғалжын тас жолының бойы;
«Байқоңыр» ауданы – Өндіріс кенті. Автоматика.