«Комитет барлығы 8 тасымалдаушының 101 құрамын тексерді. Бағдарды дамыту шарттарын орындамау, ауа баптау жүйесі мен басқа да жабдықтардың ақаулары, вагондардағы санитарлық жағдайдың төмендігі, төсек жабдықтарының кір болуы сияқты жиі кездесетін кемшіліктер анықталған. Компанияларға төленген субсидияларды қайтару бойынша 52,6 млн теңгеден астам сомаға санкция салынды», - делінген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Осы орайда барлық тасымалдаушыларға анықталған ескертулерді жою жөнінде нұсқау берілді.