Лас-Вегас спортзалында атыс болып, екі адам көз жұмды
11:15, 17 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында спортзалда атыс болып, екі адам көз жұмды, мерт болғандардың бірі шабылдаушы, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
АР мәліметтеріне қарағанда, оқиға 17 мамыр күні болды. Оқиға салдарынан кемінде тағы 3 адам жарақат алды. Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдарының өкілдері спортзалға кіреберісте оқтан жарақат алған ер адамды көрді.
Лас-Вегас қаласы плициясының капитаны Эсмеральда Боведаның айтуынша, күдікті ізін жасырмақ болған, алайда полиция қызметкерлері оған оқ атып, ескерту жасап тоқтатқан. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Осыған дейін АҚШ-та Федералды тергеу басқармасының бұрынғы басшысының жазбасы бойынша тексеру басталғаны туралы жаздық.