Сәуірдің соңында Firefly мейрамханасынан кейін адамдар улану белгілерін байқады. Содан бері жергілікті емдеу мекемелеріне тамақтан улануға шағымданып, адамдар көптеп келе бастады. Невада штатының оңтүстігі тарихындағы алғашқы рет көп адамның улануына орай тексерулерге байланысты мейрамхана уақытша жабылды, деп хабарлады Интернет-БАҚ.
Санитарлық сарапшылар адамдардың жаппай улануы белгілі бір бұзылған азық-түлік түріне байланысты емес, деп санайды, өйткені инспекция мейрамхана асханасынан жалпы алғанда 44 түрлі бұзушылықтарды анықтады, тамақтарды тиісті температуралық режимде сақтау жүргізілмеген, тағамдарды әзірлеуде гигиеналық талаптар сақталмаған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Копенгагендегі ең таңдаулы деп саналатын Noma мейрамханасында ақпан айында 60-тан астам клиент ішек ауруларына ұшырап, үлкен шу шыққан болатын.