Лас-Вегаста бағы жанған палуандар Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға жолдама алады

None
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 2015 жылғы лицензиялық әлем чемпионаты АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін болды.

Осы жарыста оза шапқан балуандар 2016 жылы Рио-де-Жанейрода алауы тұтанатын Олимпиада ойындарында бақ сынайды, деп хабарлайды «Аламан».

Бастапқы кезде бірқатар мемлекеттер байрақты бәсекені қабылдауға ұсыныс білдіргенімен, соңында төрт үміткер қалды. Олар - Ресейдің Сочи, Панама­ның Панама, Иранның Теһран, Үндістанның Нью-Дели және АҚШ-тың Лас-Вегас қалалары еді. Солардың ара­сынан таңдау соңғысына түсті. Оның себебі түсінікті. Өйткені АҚШ-тың экономикалық және саяси жағдайы тұрақты. Америкалықтар қандай шаруаны қолға алса да, дөңгелетіп әкететінін сан мәрте дәлелдеген. Сондай-ақ аталмыш елде спорттың бұл түрінен бұған дейін де талай рет әлем чемпионаты өтіп, оның ұйымдастырылу дең­гейін лауазымды тұлғалардан бастап, қарапайым кө­рермендерге дейін аса жоғары бағалаған.

Естеріңізге сала кетейік, күрес түрлері бойынша 2013 жылғы әлем чемпионаты Венгрияның астанасы Будапешт қаласында өтсе, келесі жылғы дүниежүзілік доданың жалауы Өзбекстанның бас шаһары Ташкент қаласында желбірейді.