Лас-Вегаста ер адам мен әйел атыс ұйымдастырып, артынша өздеріне қол салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы CiCi дәмханасына қарулы ер адам мен әйел кіріп келіп, екі полицейді жаралаған. Шабуыл жасаушының бірі «Революция!» деп айқайлаған, деп хабарлады АР.

Артынша екеуі көшеден өтіп, Walmart гипермаркетіне кіріп, тағы бір адамға оқ атқан. Атыстан кейін өз-өздеріне қол салған.

Жараланған адамдар ауыр халде екені белгілі болды. Күдіктілер жайлы әзірге ештеңе айтылмады.