Лас-Вегаста Самсон тиранозавры сатылған жоқ

АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Самсон деген атауға ие болған тиранозаврдың қаңқасы Лас-Вегаста қазанның 3-інде өткен аукционда сатып алушылардың қызығушылығын тудыра қойған жоқ,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Bonhams & Butterfields аукцион үйінің сауда-саттықты ұйымдастырушылары алып кесірткенің қаңқасы 6 миллион долларға өтеді деп есептеген болатын. Алайда Самсон үшін ұсынылған ең жоғары баға 3,7 миллион доллардан асқан жоқ. Сондықтан, лотты саудадан алу туралы шешім қабылданды.