Лас-Вегаста жол апатынан зардап шеккендер саны 37 адам болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «Әлем сұлуы 2015» байқауы өткен «Planet Hollywood» қонақүйі жанында орын алған жол-көлік апатынан зардап шеккендер саны 37-ге жетті. Бұл туралы қалалық полициясы хабарлады, деп жазады russian.rt.com.

«Лас-Вегаста болған жол-көлік апатында 37-ден астам адам зардап шекті, бір адам қаза тапты, бірнешеуінің жағдайы ауыр. Көліктің жүргізушісі қамауға алынды», - делінген дерек көзінде. Бұған дейін 33 адам зардап шеккені хабарланған болатын.