Латвия депутаттары мінген автобус апатқа ұшырады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қазанда Польшада латвиялық депутаттар делегациясы мінген автобус апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС.

Оқиға Варшавадан 200 шақырым қашықтықта орын алған. Автобуста Латвияның Лудза, Карсава, Зилупе аймақтарының 12 депутаты болған. Апат салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізілді. Делегация немістің Бодентейх қаласына келісімшарт жасасуға бара жатқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша апаттың орын алуына жолдың тайғақтығы себеп болған. Оқиға орнында құтқарушылар мен полиция жұмыс жасауда.