ВВС-дің жазуынша, Еуропалық комиссия Латвия еуроға 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтетінін болжап отыр. Осы арқылы аталған ел еуроаймақтың 18-ші мүшесі болмақ.
Латвия еуро аймағына қосылу өтінімін ресми түрде биылдың наурызында тапсырған еді.
Эстония валюталық одаққа 2011 жылы қосылған болатын. Айта кетейік, Литва еуроаймақ мүшелігіне 2015 жылы енеді деп күтілуде.