Бұл мәлімдеме «Прогрессивтілер» партиясы президент Эдгарс Ринкевичсті жаңа үкімет құру жөнінде консультациялар бастауға шақырғаннан бір күннен кейін жасалды. Партия Эвика Силиня басқаратын министрлер кабинеті жұмыс істеу қабілетінен айырылғанын айтты.
Партияның мәлімдеуінше, қазіргі жағдайда екі ғана нұсқа қалған: премьер-министрдің отставкасы немесе парламентте сенім мәселесі бойынша дауыс беру өткізу.
Эвика Силиня «Прогрессивтілермен» келіссөздерден кейін коалиция жұмысын жалғастыруды ұсынғанын айтты. Алайда партия «Жаңа бірлік» жетекшілік ететін коалицияны енді қолдамайтынын жеткізді.
«Жасылдар мен шаруалар одағы» «прогрессивтілердің» қолдаудан бас тартуы үкіметтің іс жүзінде құлауына әкелгенін мәлімдеп, жаңа үкімет ел үшін пайдалы болатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Босния және Герцеговина елінің жоғары өкілі Кристиан Шмидт отставкаға кеткен болатын.