АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескеннен кейінгі баспасөз мәслихатында Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньш қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
«Біз сіздің 2006 жылғы сапарыңызды әлі күнге дейін ұмытқан жоқпыз. Мен сізді өзіңізге ыңғайлы уақытта, әсіресе 2014 жылы Рига еуропалық мәдени астана болатынын ескере отырып, Латвияға сапарлап келуге шақырамын», - деді ол.
Сонымен қатар Латвия президенті елімізге ресми сапарының 4 маусымда өтетін Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күнімен тұспа-тұс келгендігін айта келе, барша қазақстандықтарды мемлекеттік мерекемен құттықтады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.