Латвия Үкіметін алғаш рет әйел басқарады

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Латвия Парламенті алғаш рет елдің Премьер-Министрі лауазымына әйел адамды бекітті. Бұл қызметке 62 жастағы Лаймдота Страуюма келді.

Шетелдік БАҚ-тардың хабарлауынша, бұған дейін елдің Үкімет басшысы болған Валдис Домбровски өткен жылдың қарашасында Ригада сауда орталығының төбе жабындысы опырылып, 44 адам қаза тапқаннан кейін отставкаға өтініш берген еді.

Есте болса, осы оқиғадан кейін елдің Президенті Андрис Берзиньш Рига супермаркетінде болған апатты оқиғаны "жаппай адам өлтіру" деп атаған-ды.