Латвия БАҚ-тарының хабарлауынша, шабуылдаушылар азаматтардың соңғы 18 жылдағы жеке сәйкестендіру нөмірлері, аты-жөні, көлік нөмірлері мен төлемдеріне байланысты ақпараттарды алған.
Алайда, кибершабуыл телефон нөмірлері мен электронды пошта мекенжайлары сияқты байланыс ақпаратына әсер етпеген.
ЖҚҚБ кибершабуылға қатысты тергеу бастады.
Азаматтарға деректердің бұзылуына байланысты алаяқтық қауіптер туралы ескертілді және ЖҚҚБ немесе басқа агенттіктер атынан жіберілген хабарламаларды алу немесе телефон қоңырауларына жауап беру кезінде өте сақ болу ұсынылды.
Латвия президенті Эдгарс Ринкевичс кибершабуыл мен деректердің тарауы «ұлттық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретінін» мәлімдеді.
-Жол қозғалысы басқармасының беделіне және бұл мекемеге деген қоғамдық сенімге нұқсан келтірілді. Мұндай жағдайда Жол қозғалысы басқармасының басшылығы өз міндеттерін орындай алмайды, - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Латвия премьер-министрі Андрис Кульбергс Көлік министріне оқиғаға байланысты Жол қозғалысы басқармасы басшылығының жауапкершілігін бағалауды тапсырды.
Латвия жол қозғалысы басқармасы көлік құралдарын тіркеуге, тексеруге және жүргізуші куәліктерін беруге, сондай-ақ елдегі көлік құралдарын тексеруге жауапты.
Бұған дейін Францияда кибершабуылдан зардап шеккен 678 мың адамға хабарлама жіберілгенін жазған едік.