Латвияда балалалар мінген автобус аударылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвияда 26 адам, оның ішінде 22 бала отырған автобус аударылып қалды, деп хабарлайды lenta.ru.

Оқиға жексенбі күні болған. «Автобус трассада кетіп бара жатқанда күтпеген жерден алдынан жеңіл көлік шығып қалған. Жеңіл көлікпен соғысып қалмаудың амалын ойлаған автобус жүргізушісі оңға қарай жедел бұрылып, үлгерген. Алайда, автобус аударылып қалды»,-деп түсіндірді болған жайды Мемлекеттік полицияның баспасөз орталығының өкілі Гита Гжибовска.

Апаттың салдарынан 20 бала зардап шекті. Олар Рига ауруханаларының біріне жеткізілді. Жедел медициналық көмек қызметінің өкілі Илза Букша зардап шеккен балалардың көпшілігінің жарақаттары аса ауыр емес екенін айтады. Алайда олардың жүйкесі әбден күйзелген. Оқиға орнында қазір полиция жұмыс істеп жатыр.