Латвиялық парашютші әлемде ең бірінші болып дроннан секірді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвиялық парашютші Ингус Аугсткалнс әлемде ең бірінші болып дроннан секірді. Трюкті 12 мамыр күні Аматск болысында жасады, деп хабарлайды Delfi.

  

Аугсткалнс аспанға көтерілген дронға жалғанған арқанды ұстау үшін, ең алдымен 120 метрлік телекоммуникация мұнарасына шығып, квадрокоптер 330 метр биіктікке көтерілгеннен соң төмен қарай секірген.

 



  

Қолданылған құрылғыны Aerones компаниясы жасап шығарды. Ол 28 қозғалтқышпен жабдықталып, әуеге 200 келілік жүкті алып ұшуға қауқарлы. Бұл техниканы құтқару жұмыстары, өрт сөндіру барысында, сондай-ақ спорт пен ойын-сауық салалаларында пайдалануға болады. 

   

Фото: Skaties.lv

Соңғы жаңалықтар