Латвиялықтар еуроны енгізуге қарсы

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Ел халқының төрттен бірі ғана еуроны енгізуге қарсылық көрсетпей отыр, деп хабарлады, Би-Би-Си-дің Орыс жаңалықтар қызметі.

Латвияның экономикалық белсенді тұрғындарының 27 пайызы ғана елде еуроны енгізу идеясын қолдайы. Бұл туралы  TNS әлеуметтік зерттеу агенттігі жүргізген сауалдама мәліметтерінен белгілі болды.

Интерфакс-Украинаның хабарлауынша, елде еуроны енгізу идеясын  8 пайыз латвиялықтар  жақтайды, ал респонденттердің 19 пайызы мақұлдайтын сыңайлы. Сауал салынғандардң 65 пайызы еуроны енгізуге қарсы, олардың ішінде 35 пайызы үзілді-кесілді қарсылық танытуда, ал 30 пазыйы үкімет жоспарын қолдамайды.

Еуроны енгізуді жақтаушылардың көпшілігі - 72 пайызы еуроны 2014 жылғы 1 қаңтардан енгізу қажет деп санайды, 14 пайызы мұны жөн деп санамайды, ал тағы 14 пайызы бұл мәселе  жөніндегі нақты пікірін білдірмеген.

Еске сала кетейік, Латвия 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап еуроаймаққа қосылуды жоспарлап отыр.