«Шыны керек, қазіргі кезде көп адам латын әліпбиіне ағылшын тілі ретінде қарайды. Сонымен салыстырады. Алайда тіл мен әліпби - ол екі бөлек нәрсе. Тіл мен әліпбиді шатастырмау қажет. Ағылшын тілі бар, ал олардың әліпбиі латын графикасына негізделген. Француз тілі де солай. Қазақ тілі де өз алдына бөлек тіл. Ол да латын әліпбиіне негізделетін болады», - дейді Ербол Ерденбекұлы.
Оның айтуынша, бүгінде қазақстандықтардың көбі латын әліпбиін ағылшын тілімен салыстырып, бір жерде жоқ нәрсені екінші жерден іздейді. Оның да өзіндік себебі бар. Қазақстан xалқының 20 пайызы ағылшын тілін біледі. Сол себепті латын әліпбиіне ағылшын тілі деп қарайды.
«Біздің басты міндетіміз - қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толығымен қамту. Ол үшін ағылшын тіліне, француз тіліне қараудың қажеті жоқ. Біз латын әліпбиін алып, соған қазақ тілін бейімдеуіміз керек. Болды», - деп атап көрсетті орталық басшысы.
Айта кетейік, кеше ҚР Парламент Мәжілісінде өткен тыңдауда латынәліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылды.
Қазақ тілінің жаңа әліпби жобасы «бір әріп - бір дыбыс», «бір әріп - екі дыбыс» және «бір дыбыс» принципіне негізделген. 25 таңбалы алфавиттен бөлек 8 диграф бар.