Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің мәртебесін көтереді
Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты"атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақ тілінің жаңғыртылу міндетін дөп басып, айқындады.
«Жазудың бағытын өзгертудің оң жақтары бар. Бұл - әлемдік интеграция, өзіміздің ақпараттарымызды сақтай отырып, өзге тың мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндіктерін дамыту. Латын қарпі әлемде ағылшын тілі тәрізді кең таратылған. Латын әліпбиі арқылы біздің жастардың ғаламторда қандай да бір ақпараттарға ие болулары үшін мүмкіндіктері кеңейе түседі, олар білім мен ғылым саласында өздеріне қажетті мәліметтеріне шектеусіз қол жеткізіп, тез арада үйреніп, оқи алу мүмкіндіктері пайда болады», - деді А. Сандыбаев.
Реформа қазақ тілінің мәртебесін арттыруға септігін тигізеді, деді ол.