«Біз стратегиялық маңызды міндетті орындауымыз қажет. Яғни латын әліпбиіне көшуге тиіспіз. Мемлекет басшысы атап өткендей, қазақ тілін латынға көшіру - бұл ғылым мен білімнің жаһандық жүйесіне интеграциялануға жасалған қадам, біздің рухани бірлігіміздің қамтамасыз етілуі», - деді Сенат Төрағасы.
Ол қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесін сөзбұйдаға салуға болмайтындығын атап өтті. Сонымен қатар бұл жұмыстарды барлығын ойластыра отырып, біртіндеп, күрт серпіліссіз жүргізу қажеттігін ескертті.
«Дегенмен, оны соза беру мәнсіз. Біздің қателесуге құқығымыз жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.