АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаванадағы саммитте Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінің көшбасшылары Қытаймен экономикалық қатынастарды қолдау бойынша топты құруға уағдаласты. Атап айтар болсақ, ҚХР бұл өңірдің табиғи ресурстарын импорттаушы басты ел болып табылады.
Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдері қауымдастығының саммитінде АҚШ пен Канададан басқа барлық америкалық мемлекеттер қатысуда. Атап айтқанда, аталмыш екі ел бұл жиынға шақырылмайды.
Осы қауымдастықтың құрамындағы 33 елдің көшбасшылары АҚШ-ты Кубаға қатысты экономикалық оқшаулауды шешуге шақырды. Сонымен қатар олар құрлықтағы қақтығыстарды диалог жолымен шешіп, теңсіздікпен пен кедейшілікпен күресуге уәде берді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.