Лавров 22-23 сәуірде Өзбекстанға барады

Фото: Фото: РФ СІМ

МӘСКЕУ. KAZINFORM – Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 22-23 сәуірде Ташкентке ресми сапармен барады. Бұл туралы брифингіде Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді, деп жазады ТАСС.

– 22-23 сәуір аралығында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға ресми сапармен барады, - деді дипломат.

Ол Ресей Сыртқы істер министрінің Ташкентке жасаған сапарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесулер, сондай-ақ республика Сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовпен егжей-тегжейлі келіссөздер өткізу жоспарланғанын айтты. 

Бұған дейін Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылғанын жазған едік. 

Сонымен қатар Дональд Трамптың Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартқанын хабарлаған болатынбыз.