МӘСКЕУ. KAZINFORM – Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров 22-23 сәуірде Ташкентке ресми сапармен барады. Бұл туралы брифингіде Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді, деп жазады ТАСС.
– 22-23 сәуір аралығында Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Өзбекстанға ресми сапармен барады, - деді дипломат.
Ол Ресей Сыртқы істер министрінің Ташкентке жасаған сапарында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесулер, сондай-ақ республика Сыртқы істер министрі Бахтиер Саидовпен егжей-тегжейлі келіссөздер өткізу жоспарланғанын айтты.
Бұған дейін Ресейде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 16 бала Өзбекстанға қайтарылғанын жазған едік.
Сонымен қатар Дональд Трамптың Ресейге қарсы санкцияларды тағы бір жылға ұзартқанын хабарлаған болатынбыз.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы