Ләйлә Сұлтанқызы өзінің суретімен берілген биологиялық белсенді қоспаларға сенбеуге шақырды
10:20, 05 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы арықтауға арналған биобелсенді қоспалар мен түрлі дәрілерге сенбеуге шақырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Түрлі ББҚ мен дәрілер жарнамасы - жалған. Мұндай жаңалық айтып сенсация жасау тіпті ұят», - деп жазды ол Инстаграмдағы парақшасына.
Оның орнына тележүргізуші дұрыс тамақтануға шақырды. Диета ұстамай-ақ, спортпен шұғылданып, өзін-өзі жақсы көру маңызды.
«Сол жақтағы суреті 5 жыл бұрынғы, ол қазіргі келбетіне келіңкіремейді. Арықтаймын деп, өздеріңе зиян келтіріп алмауды ойлаған жөн», - деп қосты ол.