Белгісіз біреу Ләйлә Сұлтанқызына хат жолдап, ренжіп кетіп қалған әйелінің қайтып келуін сұрауды өтінген. Бұл туралы тележүргізуші өзінің Instagram әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.
«Сәлеметсіз бе, Ләйлә Сұлтанқызы. Сізге бір өтінішім бар. Әйелім маған ренжіп, төркініне кетіп қалды. Енемнің нөмірін берсем, әйеліммен сөйлесе аласыз ба? Бәлкім, сізді танып, райынан қайтар. Сізге жазған себебім, әйелімді таңқалдырып, өзіме қайтарар ойдамын...», - делінген хатта.
Ләйлә Сұлтанқызы хат иесінің өтінішін орындап, екі сағаттан кейін хабарласып, жұбайларды татуластырғанын жазған.