Лазердің көмегімен көздің түсі өзгертілетін болады

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Калифорниядан шыққан доктор лазердің көмегімен адамның көзінің түсін өзгертетін технология ойлап тапты.

Ендігі жерде көзінің түсін қарадан көкке ауыстырғысы келетін адамдар бар-жоғы 20 секундта көзінің түсін ауыстыра алады. Бірақ ол қайтып орнына ешқашан келмейді, деп хабарлайды bnews.kz агенттігі ВЕСТИ.ru. агенттігіне сілтеме жасап.

«Лазер сәулесі көздің ішкі қарашығына әсер етіп, қарақат көзді адамдардың табиғи түсі жасылдау түске ауысатын болады. Бұдан кейін оны қайтадан қалпына келтіру мүмкіндігі ешқашан тумайды. Көздің түсі сол сұрша-көгілдір қалпында қалып қояды», - деп түсіндіреді доктор.