Ал, Алина Алдамберген басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығымен құрылды.
Холдингтің негізгі міндеті - даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру. Холдинг құрылымына төмендегі еншілес ұйымдар енеді:
«Қазақстанның даму банкі» АҚ, «ҚазынаКапиталМенеджмент» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ,«ҚазЭкспортГарант» экспорт-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй жинақтау банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Ипотекалық кредиттерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ.