Ләззат Жылқыбаева 1975 жылы 29 наурызда туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, Х. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Экономика және құқық академиясын бітірген.
Еңбек жолын Алматыдағы №1 Қазақ педагогикалық колледжі тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған.
2006 жылдан бастап Алматы қаласы білім басқармасының құрылымында жұмыс істеді.
2012-2016 жылдары Алматы қаласы Білім басқармасы білім бөлімінің басшысы болды.
2016-2019 жылдары Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары болды.
2019 жылдың желтоқсаннан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.