Іле Алатауындағы 50-ден астам фототұзақ оларды табиғи ортада бақылауға мүмкіндік береді.
Ал 2023 жылдан бері парк аумағында төрт ілбіске тағылған спутниктік қарғыбаулар жануарлардың қозғалысы мен маусымдық қоныс ауыстыруы туралы құнды мәліметтер береді.
Комитет атап өткендей, ілбісті сақтау — таулы табиғаттың тұтастығын келер ұрпаққа жеткізуге қосылған үлес.
Осыған дейн Оңтүстік Алтайда алғаш рет ілбіске спутниктік қарғыбау орнатылғанын жазған едік. Ілбіске «Алтай» деген ат берілді.
Бірер ай бұрын Іле Алатауында туристік топқа ілбіс жолыққаны белгілі болды.