Ұлттық парк қызметкерлері жануарлардың мекендеу ортасын қорғау, биотехниялық шаралар атқару және санақ жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырады. Іле Алатау паркінің мәліметінше, фототұзақ арқылы жабайы доңыздың жас торайларына табиғи күтім жасап жатқан сәті тіркелген.
- Доңыздар көбіне топтасып тіршілік етеді. Кей жағдайда бір үйірдегі мегежіндер тек өз төлдеріне ғана емес, басқа торайларға да қамқорлық танытады. Бұл – табиғаттағы топтық қамқорлықтың ерекше көрінісі, - деп хабарлады ұлттық парк баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін «Алтын-Емел» ұлттық паркінде сирек кездесетін тазқаралар фототұзаққа ілікті.
Ал Катонқарағайда аландарын ерткен ілбіс фототұзаққа түсті.