Тексеру нәтижесінде биік таулы аймақта қар қорының едәуір көп екені анықталды. Қар сызығы теңіз деңгейінен 2600–2700 метр биіктікте тұрақтаған. Мореналық көлдердің жағдайы тұрақты — су айдындары қар астында, су келуі байқалмайды.
— Қазіргі тұрақтылыққа қарамастан, қар қорының мол болуы және температураның ықтимал ауытқулары алдағы сел қаупі кезеңінде күрделі жағдайдың қалыптасуын көрсетеді. Мониторинг штаттық режимде жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Іле Алатауы бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылғанын жаздық.