Тау ешкісінің мекені биік тау, құз бен тік жартастар. Адамға жүрудің өзі қиын мұндай жерлерде ол еркін қозғалып, жартастан жартасқа оңай өтеді.
Оған мықты аяқтары мен тұяқтарының құрылысы көмектеседі, тау ешкісі тасты, тік беткейлерде тепе-теңдігін жақсы сақтайды. Қауіп төнген жағдайда биік жартас оның панасына айналады.
Ал бізге таудағы осындай сәттерді көруге фототұзақ мүмкіндік беріп отыр.