Қызыл кітапқа енген жануардың бейнежазбасымен бөліскен ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ілбісті туристік топтың гиді камераға түсіргенін хабарлады.
— Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірінде ілбіс кездесті. Сирек жыртқышты таулы бағыттан қайтып келе жатқан туристік топтың гиді байқап қалған. Ерекше сәт бейнекамераға түсірілді, — делінген комитет жазбасында.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, ілбістің табиғи мекен ету ортасында кездесуі — таулы экожүйенің сақталғанын және табиғи ортаның тұрақтылығын көрсететін маңызды белгі. Комитет өкілдері жабайы жануарды кездестірген жағдайда оған жақындамау, соңынан қумау, шу шығармау және қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажет екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Катонқарағай ұлттық паркінде тағы бір ілбіс фототұзаққа түсті.