Іле Алатауында жарақат алған турист құтқарылды
09:50, 23 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Іле Алатауы тауында, Молодежный асуында төтенше жағдай болды. 45 жастағы Бельгия азаматы тауға көтерілу кезінде аяғын сындырып, қозғалысын жалғастыра алмады қалды.
Оның жұбайы 112 қоңырау шалып, көмек сұраған. Көмекке ТЖМ құтқарушыларының екі тобы «Тұйық-Су» және «Мұзтау» бақылау-құтқару пункттерінен шықты.
Олар жәбірленушіге 3 сағат ішінде жетіп, алғашқы көмек көрсетікен. Түсіру бес сағатқа жуық уақыт алды.
Нәтижесінде ер адам Медеу бөгетіне жеткізіліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырылды. Олар оны Алматыдағы ауруханаға жеткізді.
Айта кетелік павлодарлық құтқарушылар бұдан былай жағажайдағы қауіпсіздікті дронмен бақылайды.