Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, The Worldworthy 100 халықаралық редакциялық рейтингінің 2026 жылғы шығарылымында Алматының үш туристік нысаны әлемнің үздік 100 нысанының қатарына енді.
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен байланысты екі туристік бағыт әлемдік рейтингте жоғары бағаланды:
Кімасар шатқалы – әлемдегі үздік жаяу туристік бағыттар арасында 56-орында. Бутаков шатқалы – әлемдік рейтингте 79-орын иеленді. Сонымен қатар Шымбұлақ аспалы жолы әлемдегі ең үздік 100 аспалы жол рейтингінде 9-орынға ие болды.
Аталған үш нысан да Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы лауреаты атанып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Worldworthy 100 – келушілердің пікірлері мен бағалауларына, журналистік зерттеулерге және ашық дереккөздердегі мәліметтерге негізделген халықаралық редакциялық рейтинг.
-Бұл жетістік Іле-Алатауының табиғи көрікті жерлеріне халықаралық қызығушылықты арттырып, Қазақстанның экотуристік әлеуетін әлемге танытуға мүмкіндік береді. Табиғатымыздың әлемдік деңгейде танылуы – мақтаныш қана емес, оны сақтау мен қорғаудың маңызын тағы бір мәрте көрсететін жетістік,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Іле Алатауында туристік топқа ілбіс жолыққаны туралы жаздық.