Іле-Балқаш бойында қайтадан жолбарыс жортатын болды
19:45, 15 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Дүниежүзілік табиғат қоры (WWF International) арасында жолбарысты Қазақстан Республикасына реинтродукциялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бұл меморандум Іле-Балқаш табиғи резерватының биоәртүрлілігі мен инфрақұрылымын қалпына келтіруде елеулі жетістіктерге әкелген табысты және жемісті ынтымақтастықтың жалғасы болып табылады.
Жолбарыстың Қазақстанға оралуы - бұл экологиялық маңызды жоба ғана емес, сонымен қатар табиғи мұраны қалпына келтіру жөніндегі күш-жігеріміздің символы. Бұл бастама көптеген ұйымдар мен сарапшылардың жемісті ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.