АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысының Балқаш ауданында қамысты өсімдік өртеніп, жалын 31 гектар орман қорына таралған.
«Аталған факт Қылмыстық кодекстің 341-бабы бойынша «Ормандарды жою немесе бүлдіру» қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады ТЖМ.
Өртті сөндіру үшін тікұшақпен әуеден 129 мәрте 387 тоннадан астам су төгілді.
Қазіргі уақытта өрт оқшауланды.
Бұған дейін Алматы облысының Балқаш ауданының Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатқанын хабарлағанбыз.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.