Ле Пеннің жаза мерзімі үш жылға дейін қысқартылды

АСТАНА.KAZINFORM - Париждің апелляциялық соты «Ұлттық қауымдастық» парламенттік фракциясының жетекшісі Марин Ле Пеннің бас бостандығынан айыру жазасын үш жылға дейін қысқартты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Фото: Wikimedia / Vox España

Оның ішінде екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, тағы бір жыл электронды білезік тағуға міндетті болады.

Сондай-ақ сот Ле Пенді 45 ай сайлауға түсу құқығынан айыру туралы шешім шығарды, оның 30 айы шартты түрде. Сондықтан сот шешіміне сәйкес, саясаткер 2025 жылдың көктемінен бастап 15 ай бойы сайлауға қатыса алмайды.

2025 жылдың сәуірінде Марин Ле Пен төрт жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Франция соты оңшыл «Ұлттық қауымдастық» партиясының жетекшісі Марин Ле Пенді Еуропалық Одақтың қаражатын дұрыс пайдаланбағаны үшін кінәлі деп тапты.

Айта кетейік, Норвегия ханшайымы Метте-Мариттің ұлы, 29 жастағы Мариус Борг Хёйби бірнеше қылмыс, соның ішінде екі зорлау бабы бойынша кінәлі деп танылғаннан кейін төрт жылға бас бостандығынан айырылды.