Леброн Джеймс Ұлттық баскетбол қауымдастығы тарихында 27 000 ұпай жинаған ең жас ойыншы атанды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық баскетбол қауымдастығының клубы - «Кливленд" шабуылшысы Леброн Джеймс сырт алаңда "Вашингтонмен" өткізген матчта 11 ұпай жинап, ҰБҚ тарихында 27 000 ұпай еншілеген ең жас ойыншы атанды, деп хабарлайды ТАСС.

Бүгінгі күні 31 жастағы баскетболшының есебінде 27 004 ұпай бар.

Вашингтондағы ойын күні Джеймс 31 жас және 317 күнге толды.

Сонымен, ол 32 жас  және 160 күнге толған кезде 27 000 ұпай жинаған "Лос-Анджелес Лейкерс" клубының атақты баскетболшысы Коби Брайантты басып озды.

Еске сала кетсек, Брайант өткен маусымның соңында өзінің кәсіби спорттық жолын аяқтаған болатын.